jasqazaq.kz

Той жасауын қоймаған 19 кафе-ресторан сот шешімімен жабылды

05 тамыз 2021, 10:47

Шымкентте бірнеше рет карантин талаптарын бұзған 19 нысанның жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус індеті кең таралуына қарамастан, ойын-сауық (кафе, ресторан, лондж-бар, караоке-бар) орындары және тойханалар карантинді бұза отырып, өз қызметін жасырын жалғастырып отыр. Осыған байланысты мобильді топтардың жұмысы күшейтіліп, қазіргі уақытта қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильді топ жұмыс атқаруда. Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында Шымкент қаласы полиция департаменті аудандық полиция басқармаларының қызметкерлерімен және арнайы құрылған мобильді топпен бірге жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша 2 076 заңбұзушылықты анықтап, іс-құжаттары санитарлық-эпидемиологиялық департаментіне жолданған. Оның ішінде той немесе басқа да жиын өткізген 287 жайт анықталды. Рейд барысында бірнеше рет карантин талаптарын бұзған 19 нысан (тойхана, мейрамхана, кафелер) анықталып, сот арқылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес айыппұл салынып, қызметі бір ай мерзімге тоқтатылған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия