jasqazaq.kz

Той жасаған түркістандық жауапқа тартылды

18 наурыз 2020, 10:43

Той иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимiн бұзу” бойынша хаттама толтырды.

Полицейлер елде жарияланған төтенше жағдай кезінде той өткізгені үшін түркістандық тұрғынға әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«16 наурыз күні таңғы сағат 8:00-ден 15 сәуір сағат 07:00-ге дейін елімізде төтенше жағдай енгізу туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысы шыққаны белгілі. Осыған сәйкес қандай да бір іс-шараларды, бас қосуларды ұйымдастырып, өткізуге тыйым салынды. 17 наурыз күні әлеуметтік желілерде үй ауласында бір топ ағайынның қатысуымен той өтіп жатқан бейнежазба пайда болды. Осыдан соң Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын атқарды. Сөйтіп ол тойдың 16 наурыз күні түн ішінде Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде болғаны анықталды. Қалалық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзып, жиын өткізгені үшін той иесі – жергілікті тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимiн бұзу” бойынша хаттама толтырды. Аталған жайтқа байланысты жинақталған іс-құжат Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды», делінген облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Облыс полицейлері тұрғындарға заңға бағыну керектігін ескертеді. Төтенше жағдай кезінде той-жиындарды, бас қосуларды ұйымдастырмай, мүмкіндігінше сақтық шараларын жасап, денсаулыққа мән беру қажет екенін айтады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия