jasqazaq.kz

Той өткізген 140 адамға айыппұл салынды

15 қазан 2020, 12:36

Қызылордада карантин талаптарын сақтамай той өткізген 140 адамға айыппұл салынды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыста қойылған шектеулер мен карантин шараларының сақталуын бақылау үшін 24 мониторинг тобы құрылған. Топ мүшелері бүгінгі күнге дейін 140-қа жуық той өткізген адамды анықтады. Оларға қомақты мөлшерде айыппұл салынды. Өңірде кейбір кафелер шекті уақытқа қарамай, жұмысын жалғастырған.

Жұмысшы топ тарапынан 2486 рейд жүргізілді. Облыс бойынша жеке адамдар және бизнес субьектілері тарапынан 602 карантин талабын бұзу дерегі тіркелді. Нәтижесінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 миллионға жуық айыппұл салынды.

«Қазіргі кезеңде тиісті қаулы талаптарын қатаң сақтау қажет. Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген сөз бар. Әр адамның денсаулығы мықты болуы өз қолында. Сондықтан сақтық шараларына аса мән берейік», — деді облыстық Тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, облыс бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова.

Сондай-ақ, облыста коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық күшейтілді. Өңірде бүгінде 350 миллион теңгенің дәрі-дәрмек қоры жасалды.

«Дәрі-дәрмектің дәріханаларда — 45, емханаларда — 1 айға жететін қоры бар. Эпидахуалдың тұрақталуына орай инфекциялық, провизорлық, карантиндік төсек орындары 10 есеге дейін қысқарды. Жағдай күрделене түссе, 3 мың төсек орынға лайықталған 21 аурухана дайын. Сондай-ақ, үй жағдайында ем алатындар үшін 161 мобильді топ құрылды», — деді Ә. Әбдіқайымова.

Індетке қарсы күреске тартылатын медицина саласының 3,5 мың маманына 2 айға жететін қорғаныш құралы алынған. Өкпені желдететін аппарат саны 191-ге жеткізілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде