jasqazaq.kz

Той кортежінің көліктері айып тұрағына қойылды (видео)

01 қыркүйек 2020, 13:55

Алматы облысында үйлену кортежіндегі жол талғамайтын көлік жүргізушілері көлік құралын басқарудан шеттетіліп, олардың көлігі айыппұл тұрағына тоғытылды. Жалпы алғанда, “Cadillak Escalade” маркалы екі жол талғамайтын көліктердің 29 жастағы С.және гр. Б. Есімді жүргізушілеріне, сондай-ақ бейнежазбадағы “Toyota Land Cruser” көлігінің 26 жастағы Т. есімді жүргізушісіне 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, қаруды заңсыз алып жүргені және қолданғаны үшін “Toyota Land Cruser” жолаушысы 23 жастағы азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін үйлену кортежіне қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланған болатын. Бұл автокөлік жүргізушілері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің бірнеше баптары бойынша жауапкершілікке тартылды: – 590 бабы 2-тармағы бойынша – мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ көлiк құралын басқару – 10 АЕК мөлшерінде айыппұл; – 590 бабы 7-бойынша – тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару -айыппұл 15 АЕК; – 606 бабының 1-тармағы бойынша – жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққаны –– айыппұл 10 АЕК; – 612 бабының 1-тармағы бойынша – өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – 5 АЕК айыппұл; – 595-бабы 1-бөлігі бойынша – Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау – 5 АЕК мөлшерінде айыппұл; – 596 бабы 1-бөлігі бойынша –жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру – айыппұл 15 АЕК; – 596-баптың 2-бөлігі бойынша – көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу – 15 АЕК айыппұл; – 230 бабының 2-тармағы бойынша – міндетті сақтандыру шартын жасаспай көлік құралын басқару – айыппұл 10 АЕК; – 603-баптың 2-бөлігі бойынша – арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату – 25 АЕК айыппұл. Сонымен қатар, қару-жарақ, сондай-ақ автокөліктерге заңсыз орнатылған жарық және сигналдық-дыбыстық құрылғылар тәркіленіп, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды. Іс жүргізу материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Polisia.kz

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады