jasqazaq.kz

Той кортежінде оқ атқандар ұсталды

26 қараша 2018, 17:32

Семейде үйлену тойының кортежін ұйымдастырып, қала көшелерінде атыс жасаған жастар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалада қымбат көліктерден құралған той кортежі көлік кептелісіне сепбепкер қана болмай жаяу жүргіншілер жолағына шығып, жолдағы ережені өрескел бұзған. Тіпті аспанға бірнеше рет оқ атқан болатын. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан кейін полиция қызметкерлері жедел іске кірісті. Жедел іздеу барысында олардың кім екені анықталды. 7 көліктің жүргізушісі Орталық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Нәтижесінде бірнеше жол ережесін бұзу әрекетіне байланысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал «Retay Baron» тапаншасымен аспанға оқ атқан азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Қала жолдарында көлік кептелісін тудырғаны үшін 30 жастағы «Мерседес» көлігінің жүргізуші ҚР ӘҚБтК 614-бабының 1-ші тармағы (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша жауапқа тартылды. Ал 30 жастағы «Лексус» жүргізушісіне көлiк құралына арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу бабы бойынша хаттама толтырылды. Тағы бір 36 жастағы көлік иесіне көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өткені үшін жауапқа тартылды»,-деді Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінен.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді