jasqazaq.kz

Той кортежінде аспанға оқ атты (Видео)

24 қазан 2021, 23:17

 

Қаскелеңде той кортежінде жүрген көліктің салонынан әуеге оқ атқан бұзақы ұсталды. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қарайсай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында ер адамның көлік ішінен әуеге оқ атқаны таспалаған бейне материалды байқап қалған. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында бұл оқиғаның 23 қазан күні сағат шамамен 17:30-да Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласының Абылай хан көшесінде болғаны анықталды. «Полиция қызметкерлерінің іздеу іс-шаралары нәтижесінде әуеге оқ атқан адам анықталды. Ол 25 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. «Mercedes» маркалы көлік айыппұл тұрағына қойылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2 тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жауапқа тарту үшін кортеждің басқа да қатысушыларын анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп атап өтеді ведомстводан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_original)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде