jasqazaq.kz

Той кортеждері көлік нөмірін шешіп тастап, теріс қарай жүру сәнге айналған (видео)

08 тамыз 2018, 11:26


Алматыда тағы той кортеждері орталық көшелердің бірінде ережені өрескел бұзып, полицияның назарын аударды. Олар енді қымбат көліктеріндегі мемлекеттік нөмірлерін шешіп тастап, теріс қарай жүруді сәнге айналдырған.

Жол-ережесін қайшы қозғалыс жасау арқылы, көлік кептелесіне де себепкер болатындар оңай жазамен құтылып, бұл ісін қайта жалғастыра беретін көрінеді. Себебі айыппұл көлемі аз, кейде олардың өрескел әрекеті жазасыз қалады. Той кортеждерінің заңды қалай айналып өтетіні жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Жас жұбайлардың үйлену тойындағы кортежді бастап жүрген тікұшақ, тойхананың ішіне дейін кіріп барған көліктер. Елді немен таңқалдыруды білмеген тойшыл қауым енді қымбат көліктерімен теріс қарай жүруді сәнге айналдырған. Бір күндік мейрам үшін мерседесті тізігіндегендер мемлекеттік нөмірді де қажет қылмапты.
Теріс қарап жүріп барады…2- 3 сек. Бұл бейнежазба да куәгерлердің айтуынша, осы Алматыда түсірілген. Онда той кортежін бастап бара жатқан көліктер мемлекеттік нөмірлерін сыпырып алып тастағаны көрінеді. Ютуб порталын шолып қарасақ, мұндай жағдай тойшыл қауымның кәдуілгі әрекеті сықылды. Бақыттан басы айналған жас жұбайлар. Көлікті ережені бұзып айдайтын оның достары. Егер оларға полицейлер кедергі келтірсе, кейбіреуі жұдырық ала жүгіруге дайын.
Қымбат көлікке жайғасып, жалпыға ортақ тәртіпке түкіргеніміз бар дейтіндердің әрекеті қатаң жазаланып та жатыр. Бірақ апат болатын жағдай туғызып, жазадан оңай құтылатындары көп. Мәселен, Маңғыстау облысында жас жұбайлардың көлікпен серуені кезінде жас жігіт тапаншамен аспанға бірнеше рет оқ атқан. Алайда жұрттың зәрәсін алған ол 45 мың теңге айыппұлмен құтылған.
Астаналық Талғат Қайыргелдіұлы той ұйымдастыру орталығының жетекшісі. Айтуынша, жастардан мемлекеттік нөмірсіз жүру туралы ұсыныс түспеген. Бірақ лимузиндерді жалдап алғандар жол үстінде қарсы бағытқа шығу туралы өтініп жатады екен. Оның сөзінше, Елордада қымбат шетелдік көліктермен бірге, атты кортеждер сұранысқа ие.
«Лимузин, Инфинити, арбамыз бар. Карета дейді. Сол үш көлік. Арба Астана бойынша біреу ғана. Әсіресе соны тойға алады. Көбінесе» — дейді той ұйымдастыру орталығының жетекшісі Талғат Қайыргелдіұлы.
Өңірлерде болған оқиғаларды тізбектеп шықтық. Ал Астана бойынша жыл басынан бері той кортеждерінің қатысуымен бірде-бір заңбұзушылық тіркелмепті. Оған полицейлер жол бойындағы камералардың көптігімен түсіндіреді.
«Мемлекеттік нөмірін шешіп тастаған жағдайда ол әкімшілік жазаға тартылады. Яғни 10 айлық есептік көрсеткішке дейін. Егер қарсы жолаққа шыққан болса, той кортежі олар жүргізуші куәлігінен айрылуы мүмкін» — дейді қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.
Жалпы, той кезінде көліктердің ереже бұзуы қалыпты жайт. Жыл басынан бері жүздеген мың жүргізушіге ереже бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылады. Соған қарамастан жолдың қарсы бетіне шығу, кері шегініп жүру, арнайы дыбыстық құрылғыларды пайдалану деректері азаймай тұрған көрінеді. Ал жұрттың зәре құтын қашырған той кортеждері өзіне де өзге көліктерге де қауіп төндіретінін түйсінбесе, мұндай мақтаншақтық әлі ұзақ жалғасатын түрі бар.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық