jasqazaq.kz

Той қонақтары мониторинг тобынан қашты (Видео)

11 тамыз 2021, 12:31

Теміртауда Grand Hall мейрамханасының қонақтары мониторингтік топ мүшелерінен қашып кетті. Оқиға куәгерлері жағдайды видеоға түсіріп алған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Карантин шараларын бұзудың тағы бір дерегі Теміртауда анықталды. 9 тамызда «102» басқару пультіне Металлургов даңғылындағы Grand Hall мейрамханасында мереке өтіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Бақылау тобының мүшелері көрсетілген мекенжайға келгенде, мейрамхана әкімшілігі инспекторларды ішке кіргізуден бас тартқан. Ал шара қонақтары жертөледегі қосымша шығу есігі арқылы олардан қашуға тырысқан.

Көшеге шыққан соң олар инспекторлардан жасырынуға тырысады. Бұл сәт бақылау тобы мүшелері мен куәгерлер назарынан тыс қалмады. Куәгерлер далада қашып жүрген адамдарды видоға түсіріп, жазбаларды әлеуметтік желілерге жариялаған.

Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Департамент мәліметінше, мейрамхана иесіне 670 910 теңге айыппұл салынады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Karaganda | Караганда (@karaganda.city)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия