jasqazaq.kz

Той-бизнеске ғана жұмыс істейді: белгілі дизайнер әншілерді сынға алды (Видео)

22 қараша 2021, 11:48

Отандық дизайнерлердің соңғы кезде шоу-бизнеске көңілі толмай жүргенге ұқсайды. Себебі Paparazzi бағдарламасының өткен шығарылымда Лилия Рах Димаш Құдайбергеннің сахналық стиліне шүйліксе, бұл жолы «Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасында дизайнер Сәкен Жақсыбаев ән әлеміндегілердің сәннен жұрдай екенін еш бүкпесіз баяндап берді.

«Шоу-бизнес өкілдері ренжімесін, олардың бәрі той-бизнес бағытында ғана жұмыс істейді. Димаш Құдайбергенді алмағанда, бізде таланыттылар жоқ. Оның өзі Қазақстаннан басқа елдерде өнер көрсетеді. Біздің отандық жұлдыздардың ішінде білімі, талғамы, стилі, жүріс-тұрысы жағынан ауыз толтырып айтатын ешкім жоқ», – дейді дизайнер.

Өзін сән саласы бойынша мықты мамандардың қатарына қоятын Сәкен Жақсыбаев киім кию талғамы бойынша шоу-бизнестегі өз фаворитін атады.

«Маған Әли Оқаповтың сабырлығы және өзіне тән киім кию стилі ұнайды. Оның костюмдерінің өзіндік бір стилі бар. Мысалы, Марк Цукерберг ылғи джинси шалбар, сұр жемпір киіп жүреді. Сол секілді Әли Оқапов та стилін көп өзгертпейді. Бұл – киім кию стиліндегі тұрақтылықты көрсетеді», – дейді ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық