jasqazaq.kz

Тоғжанов: Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін

30 маусым 2022, 11:39

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарласа, маска тағу режимі қайтарылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-премьердің айтуынша, елдегі жағдай әлі сын көтермейді.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов:

Науқастар белсендірілген және өскен жағдайда маска режимін қайтаруға болады. Қазір күніне 100 адамға дейін өсу бар, сондықтан сұрақтар туындайды. Өңіраралық комиссияның отырысына карантин шараларыyн күшейту мәселесін енгізіп жатырмыз. Маска жағынан ғана емес, жалпы, шаралар жағынан.

Еске салайық, 29 маусымдағы мәліметтер бойынша, бір тәулікте 137 қазақстандықтан коронавирус анықталған.

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі коронавирус инфекциясымен сырқаттану көрсеткішінің артуына қатысты пікір білдірген еді.

Айжан Есмағамбетова:

Маусым айының ортасынан бастап біз коронавируспен сырқаттану артқанын байқадық. Біртіндеп, күніне 50 жағдайдан өсу басталды. Аптадан аптаға 3,6 есе өсім бар екенін байқадық.

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі