jasqazaq.kz

Тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты

18 сәуiр 2022, 17:00

Бүгін Алматының «Ақкент» ықшам ауданында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД мәлім етті. 

Өрт туралы хабарлама сағат 14:30-да түскен.

«Құтқарушылар жеткенде 7-қабаттағы пәтердің лоджиі – жалпы алаңы 10 шаршы метр жер өртеніп жатқаны және 8-9 қабаттарға таралу қаупі анықталды. Адамдарды эвакуациялау мен құтқару жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 адам құтқарылып, 65 адам, оның ішінде баласы бар әйел эвакуацияланды. Өрт 15:02-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр» делінеді қалалық ТЖД хабарламасында.

Алматы қалалық ТЖД өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды, яғни электр құралдарын қосулы күйде қараусыз қалдырмау, балкондарды жанғыш материалдармен қаптамау және темекі шекпеу туралы ескертті.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр