jasqazaq.kz

«Тобыл» төрт ойын қатарынан жеңіске жете алмай келеді

29 шiлде 2019, 11:41

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш турдағы екі ойын 27 шілдеде болып өтті. Өз алаңында «Оқжетпес» «Ақтөбеден» 4:0, «Жетісу» «Шахтерден» 4:0 есебімен басым түсті. Бұл турдағы тағы бір ойын алдын ала 24 сәуірде «Қайрат» және «Атырау» командалары арасында өткізіліп, ол ойында алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Бүгін елордалық «Астана» өз алаңында «Тараз» командасын ірі есеппен жеңді. Бұл кездесуде Рангело Янга 33 және 71-минуттарда қос голдың авторы атанды. Ал 63-минутта Фирмин Мубеле, 88-минутта Марин Томасов қанжығасын майлады. Осылайша «Астана» «Тараздан» 4:0 есебімен басым түсті. Қостанай қаласында жергілікті «Тобыл» тағы да қарсыласына есе жіберді. Бұл жолы Қызылорданың «Қайсар» командасына 0:2 еесбімен жол берді. Ойын барысында қызылордалық шабуылшы Куле Мбомбо 8 және 21-минуттарда қос голдың авторы атанды. Айта кетерлігі, «Тобыл» соңғы төрт ойында жеңіске жете алмай жүр. Есесіне «Қайсар» сәтсіздік сериясын тоқтатты. Шымкентте «Ордабасы» Павлодардың «Ертіс» командасын қабылдады. Бұл кездесу тағдырын 75-минутта шымкенттік ойыншы Алексей Щеткин соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Ордабасы» 1:0 есебімен басым түсті. Енді 21-тур ойындары 3 және 4 тамыз күндері өткізіледі. Алдымен 3 тамызда «Шахтер» мен «Астана», «Қайсар» мен «Оқжетпес», «Ақтөбе» мен «Жетісу», 4 тамызда «Тараз» бен «Ордабасы», «Ертіс» пен «Қайрат», «Атырау» мен «Тобыл» командалары ойнайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде