
Қостанайлық «Тобыл» финалда «Астананы» жеңіп, футболдан Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
Түркістанда өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. «Тобыл» 15-минутта есеп ашты, Сергей Малый гол соқты.
91-іші минутта «Астана» есепті теңестірді. Марин Томасов айып добын соқты. Алайда пенальти кезінде қостанайлықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті. «Астанадан» өз мүмкіндігін Роман Муртазаев жіберіп алды.
Бұған дейін 1/2 финалында «Астана» «Шахтерді» (2:0), ал «Тобыл» пенальти сериясында «Қайратты» жеңген болатын (3:3, 4:2). Ойында үшінші орынды алматылық клуб алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram