
Қостанайлық «Тобылдың» футболшысы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
«Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне «Тобыл» футбол клубының ойыншысы түсті. Қазір арнайы ем-дом шаралары қабылданып жатыр. Ол тамақтан уланған. Жағдайы ауыр», — деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева. Ал клубтың баспасөз қызметі нақты қай футболшының тамақтан уланғанын айтқан жоқ.