jasqazaq.kz

«Тобыл» футбол клубы жаңа ойыншы сатып алу құқығынан айырыла ма?

04 ақпан 2021, 10:16

Қостанайлық «Тобыл» БАҚ және әлеуметтік желіде жарияланған «трансферлік тыйымға» қатысты пікір білдірді.

Ресейлік футбол маманы Дмитрий Васильев желідегі парақшасында ФИФА Халықаралық футбол ұйымының Қостанай клубына жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салғанын хабарлаған еді. Аталмыш санкция «Тобылға» өзінің бұрынғы футболшысы Фернандер Кассайға еңбек келісімшартын заңсыз тоқтатқаны, қарызын төлеуге міндеттеген қаулысының орындалмағаны үшін қолданылды-мыс».

Егер африкалық футболшы бір ай ішінде ақшасын алмаса, клубтан бірнеше ұпай алып тасталуы мүмкін екені айтылды. Бұл сұрақтың жауабын «Тобылдың» баспасөз қызметінен сұрадық. Клуб мәлім еткендей, расымен де, кеше клубқа ФИФА Тәртіптік комитетінен хабарлама келген, онда ФИФА шешімінің орындалмауына байланысты ойыншылардың халықаралық және ішкі ауыс-түйістеріне «трансферлік тыйымның» салынғаны жазылған.

«Бірақ бүгін біз сол ұйымнан басқа хат алдық және ресми түрде хабарлаймыз: «Тобылға» қатысты енгізілген «трансферлік тыйым» – ФИФА тарапынан кеткен техникалық қателік. Осылайша, «Тобыл» ФК жаңа ойыншыларды тіркеуді жалғастыра алады. Сары-жасылдар жанкүйерлерінің алаңдауына еш негіз жоқ», — деп жазды «Тобыл» клубы ресми сайтында.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде