jasqazaq.kz

Төбелеспен басталып, жеңіліспен аяқталған матч (Видео)

20 маусым 2022, 15:48

19 маусым күні Атырауда жергілікті команда мен «Ақтөбе» командасы арасында футболдан ҚР чемпионатының 14-турының ойыны өтті. Бұл жанкүйерлердің бұрыннан келе жатқан жанжалы ма, әлде жаңа нәрсе ме, бірақ ойын басталмай жатып екі команданың жанкүйерлері төбелесіп, қайдан шыққаны белгісіз, тарсылдаған дыбыстар естілді. Дегенмен матч өтті.

Осыған байланысты Атырау облысының полиция департаменті былай деп хабарлайды: «19 маусым күні сағат 17:55 шамасында Атырау-Ақтөбе футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқық бұзушылыққа жол берген 30 тұлғаны Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Әлеуметтік желіде қару қолданылған деп таралған ақпараттың жалған екенін қаперіңізге саламыз. Жанкүйерлер түрлі-түсті дыбысты түтін шығаратын арнайы құралдар қолданған. Жарақат алғандар жоқ».

Егер сізді матчтың нәтижесі қызықтырса, онда ол 2:0 есебімен меймандардың жеңісімен аяқталды.

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ATYRAU | KAZAKHSTAN (@zello_atyrau)

azh.kz

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр