
Әлеуметтік желіде тараған полицейлердің төбелесінен кейін 5 қызметкер жұмыстан қуылды. Бұл туралы Астана қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Екі полиция инспекторы және жол-патруль полициясының үш қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тексеру нәтижесі бойынша Жол-патрульдік полициясының командирі қызметінен босатылып, сондай-ақ Жол полициясының басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын атап өтті.
Дереккөз: tengrinews.kz