jasqazaq.kz

Төбелес кезінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

11 қараша 2020, 12:08


Нұр-Сұлтан қаласының Көктал шағын ауданының Болашақ көшесінде жастар төбелесіп, салдарынан 17 жастағы бозбала көз жұмды.

Бұл туралы  ҚазАқпарат  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Оқиғаның болғаны туралы хабарлама 102 нөміріне 10 қараша түнгі сағат 22.56 кезінде түскен. Полиция қызметкерлері келгенде бір топ жастардың арасында туындаған жанжал төбелеске ұласып, 2 адам дене жарақатын алған. «Екі адам дене жарақатын алған. Олардың бірі 17 жастағы Ж.Ағаділ пышақ жарақатын алып, жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Қазір осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі мен 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқандардың барлығын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ұсталғандар тергеліп жатыр», — деді департаменттен.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия