jasqazaq.kz

Тоғжанов: Жаңаөзендегі хиджаб мәселесі бір аптаның ішінде шешіледі

21 қыркүйек 2017, 17:52

Астанада өткен баспасөз конференциясы кезінде Жаңаөзендегі оқушы қыздардың хиджаб киіп, орамал тағу жағдайына қатысты Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайты хабарлады.

«Біріншіден, адамдармен кездесіп, оларға түсіндіру керек.

Барлығымыз Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекет етуіміз қажет. Екіншіден, баланың құқығын да қорғау керек. Біздің заңнамада баланың әрекетке қабілеттілігі 14 жастан басталады. Оған дейін ешкім баланы қандай да бір бағытқа (діни – авт.) бұруға құқығы жоқ. Ол (қыз бала – авт.) 14 жасқа толғанда өзі таңдап алады. Біз балаларға мәселенің мәнісін нақтылап бердік, проблемалар бар, бірақ олар өз шешімін тауып жатыр. Тиісті заңнамада көрсетілгендей, оқушылардың киетін мектеп формасы анық көрсетілген. Жаңаөзенде 40 бала (мектепке бармаған – авт.) болды, қазір 17 бала қалды. Біздің ойымызша, мәселе бір аптаның ішінде өз шешімін табады. Бұндай ұстаным күллі Қазақстанға бірдей», — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап, мектептерде орамал тағып, хиджаб киюге қатысты тыйым салынған соң, Жаңаөзенде 60 оқушы қыздар мектепке бармаған. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық білім басқармасы нақтылаған еді.

 

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде