jasqazaq.kz

«Тістеген жерін жұлып алған». Павлодар облысында ит тұрғынға шабуыл жасады

01 қараша 2021, 12:01

Павлодар облысында ит тұрғынды тістеп алды. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді, ал ит иесіне айыппұл салынды.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 20 қазанда кешке Павлодар облысы Үміт ауылында болған.

«Ауыл шетіне малын күтіп алуға шыққан 62 жастағы жергілікті тұрғынға төбет тұқымдас ит шабуыл жасаған. Ит тістеген жерін жұлып алған», — деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға куәгерлері жедел жәрдем мен полиция шақырған. Ит жәбірленушінің қолын бірнеше жерден тістеген. Сонымен қатар, білектің үстіңгі жағын тістеп жұлып алған. Ер адам Павлодар ауруханасына жатқызылды.

Полицейлер ит иесі қазірдің өзінде анықталғанын айтты.

«Жануардың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі «Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірген иттерді ұстау және серуендету ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік іс қозғалды», — деді Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде