jasqazaq.kz

Тісін жұлдырамын деп, 20 келі салмақ тастаған

04 желтоқсан 2017, 10:34

Бетіне үш рет ота жасатқан Қостанай қаласының тұрғыны Инна Яковлева тұрғындардан көмек сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

50 жастағы Инна Яковлева осыдан екі ай бұрын Қостанайдағы стоматологиялық клиникалардың біріне жүгінеді. Дәрігерлер флюс (қызыл иектің іріңдеуі) деген диагноз қойды.

«Қабынған тісті жұлып алған соң дәрігерлер тағы үш ота жасау керектігін айтты. Себебі, тіске инфекция түсіп, түрлі ауруларға шалдығу қаупі төнген. Бұған көндім. Бетімді үш-төрт жерден тіліп қана іріңді алды. Тесілген жерлерге арнайы түтікшелер салып қойды. Бір жарым айдың ішінде 20-22 келі салмақ тастадым. Бастапқыда басқаша еді, қазір түрлі антибиотиктер бойыма таралып, хәлім қиындап барады», — дейді қала тұрғыны.

Инна Яковлева бірнеше күн бұрын ауруханадан кетіп қалған.

«Ағзам әбден әлсірегенін сездім. Төртінші ота жасау қажеттігін айтқанда, келіспедім. Шынымды айтсам, дәрігерлерге деген сенімім азайып кетті. Бетіме тағы да тілік салғызуға жол бергім келмеді. Екінші жағынан 11 жасар ұлым үйде жалғыз», — деп базынасын айтады ол.

Отбасының басына түскен тауқымет мұнымен шектелмейді. Жалғызілікті ана ұлымен бірге Қостанай-2 шағын ауданындағы ескі үйді жалға алып, паналап отыр. Тұрақты жұмысынан да айырылып қалыпты. Ендігі үміті — жомарт жандарда.

«Үйдің қабырғалары жұқа. Шұрық-тесік жерлері көп. Қыс келе жатыр. Отын-су жағы да қиындайды. Ұлым төртінші апта сабаққа барған жоқ. Қайырымды кісілерден көмек сұрауға мәжбүр болып отырмыз»,- дейді Инна Яковлева.
Бетіне үш рет ота жасатқан Қостанай қаласының тұрғыны Инна Яковлева тұрғындардан көмек сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды