jasqazaq.kz

Тісін емдетуге келген баланы жұлқылаған (видео)

02 қараша 2019, 16:40

Әлеуметтік желі пайдаланушылары 1 қарашада тіс емдеу орталығында орын алған оқиғаны қызу талқылап жатыр. Дәрігердің кішкентай баланы жұлқылап ұрғаны камераға түсіп қалған. Тісін емдетемін деп үлкен кісіден таяқ жеген баланың видеосы қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Әйел екі баласымен бірге тіс емдейтін дәрігерге келген. Видео кадрларынан басында әйелдің баланы креслоға жатқызуға тырысқанын, сосын кішкентайымен бірге сыртқа шығып кеткенін көруге болады.

Анасы кетіп қалған соң, бала жабырқап қалады. Оның қылықтарына шыдамаған дәрігер науқасты көтеріп алып креслоға лақтырады. Кішкентай ұл қорқып кетіп, одан бетер шу шығара түсті. Сол кезде ер кісі қолына бір затты алып, сонымен ұратынын айтады. Дәрігер баланы қорқытып, ұрып жатқанда жанында екі әйел болды. Бірде-біреуі оны тоқтатып, баланы қорғауға тырыспады.

https://youtu.be/Cxzsjdjcxno

 

Кішкентай науқастың қай тісі ауыратынын анықтай алмаған ер кісі оны сыртқа алып шығады. Туысқандардың айтуы бойынша, бала бөлменің ішінде болған сұмдықты сол кезде-ақ айтып берген.

Маңғыстаудағы полиция департаменті «ИнАқтау» басылымына баланың анасы дәрігердің үстінен сол күні-ақ арыз жазғанын айтты.

«Арыз ақпараттарды тіркейтін кітапқа тіркелді. Тексеріс жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады басқарма қызметкерлері.

Кейбір деректер бойынша, бала ДЦП-мен ауырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде