jasqazaq.kz

Тірі екенін дәлелдей алмай жүр

14 тамыз 2019, 14:50

Жаңаөзенде 17 жылдан бері марқұм саналып келген әйел өзінің тірі екенін дәлелдей алмай әлек. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Жаңаөзен қалалық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әйелдің өзі 2002 жылы марқұмдар қатарына қосылғанын 2016 жылы білген. Енді сот әйелдің өтініші бойынша азаматтық іс қозғап отыр. «Сотта Маңғыстау облысы Ақтау қалалық АХАТ бөлімінің 2002 жылғы 16 шілдедегі №782 жазбасына сәйкес, азаматша У. марқұм саналады. Сот отырысында ол өлім туралы куәлігі бар екенін 2016 жылы білгенін айтты. Содан кейін әйел бұзылған құқын қалпына келтіру үшін түрлі инстанцияларға жүгінген, бірақ нәтиже жоқ», — деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі. Сот іс материалдарын қарап шығып, өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, Ақтау прокурорының атына 2002 жылғы 16 шілдеде қайтыс болған адамның тұлғасын анықтау үшін жеке қаулы шығарды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда