
Тимур Тоқтабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Серікұлы Тоқтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды», — делінген ресми хабарламада.
Тоқтабаев 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында жұмыс істеген. 2011-2016 жылдары жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, директоры , 2016 жылы этика жөніндегі уәкілетті өкілі қызметтерін атқарған. 2016 жылдан 2019 жылға дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.
Бұған қоса ол «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-да, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, «Қазгеоинформ» геологиялық мәліметтер орталығында және т.б. жерлерде лауазымды қызметтерге ие болған.