jasqazaq.kz

Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды

22 шiлде 2019, 14:52

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Сүлейменовті жаңа қызметке тағайындады. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

«Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын», — делінген құжатта.

Тимур Сүлейменов туралы не білеміз?
Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың наурызында ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалып, көп ұзамай президенттің көмекшісі болды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық