jasqazaq.kz

Тимур Сүлейменов ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қарсы шықты

19 желтоқсан 2018, 11:50

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО елдерінде бірыңғай электронды валюта енгізуге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресейдің қаржы министрлігі ЕАЭО елдерінде (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) трансшекаралық есеп жүйесіне бірыңғай электронды валюта енгізу идеясын қолдаған болатын.

Бүгін мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұл идеяны қолдамайтынын ашық айтты.

«Біз қолдамаймыз. Бұл менің жеке әрі саяси тұлға ретіндегі позициям»,- деді министр.

Сүлейменовтің пікірінше, ұлттық валюта – ту, елтаңба, әнұран сияқты ел егемендігінің символы. Сондықтан оны барынша қорғап, дамытып, сақтауымыз керек.

«Қандай да бір квази, проксивалюталарға жол бермеуіміз керек», — деді ол.

Министр бұл ұсынысты Ресейдің ұлттық төлем кеңесі жасағанын атап өтті.

«Оларда бірқатар ұсыныс бар, бірақ бұл Ресей тарапының ресми ұсынысы емес. Мұндай идеяны Қазақстанның кез келген қаржыгерлер қауымдастығы да көтере алады», — деді Сүлейменов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде