jasqazaq.kz

Тілшінің тікелей эфирдегі қателігі жұртты күлдірді (видео)

02 наурыз 2020, 11:23

 Белгілі америкалық журналист, үздік репортажы үшін «Эмми» лауреаты Джастин Хинтон қызықты оқиғаны бастан кешірді.
Солтүстік Каролина штатының репортері Facebook-те AR-фильтрін өшіруді ұмытып кеткен. Ол Эшвилл қаласында жауған қар туралы фейсбук арқылы репортаж жасады. Салмақты мәтінді оқып тұрған кезде Хинтон экранда не болып жатқанын байқамады. Әлеуметтік желі журналистің бетіне түрлі маска жасаған. «Facebook-тен тікелей эфирге шықпас бұрын WLOS ABC 13 станциясындағы есептік жазбада фильтр генераторларын іске қоссыппын. Оператор экранда біртүрлі бейнелер шығып жатқанын айтты. Мен кедергілер болар деп бұл сөзге мән бермедім. Кадрден шыққанға дейін экранда не болып жатқанын білмедім. Кейін адамдардың пікірін көрдім», — деді ол. Хинтонның айтуынша, басшылық бұл жағдайға түсіністікпен қараған. Олар тікелей эфир қызықты, күлкілі болғанын айтып, хабарлама жолдапты. Роликті тамашалағандардың саны күннен күнге артып келеді.

https://www.facebook.com/News13/videos/186832292588064/

КТК

 

 

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия