jasqazaq.kz

«Тілі тартылып қалған». Ресейде футболшы матч үстінде қаза тапты

29 тамыз 2021, 16:05

28 тамызда Ресейде «Балтика-М» мен «Красная Звезда» командалары арасындағы матч кезінде қақпашы Александр Шишмарев қаза болды. Дәрігерлер футболшыны құтқаруға бір сағат талпынғанымен, ол көмектеспеді. Бұл туралы  РИА Новости хабарлайды.

Калининград футбол федерациясының басшысы Александр Гвардис қайғылы жағдай туралы айтты. Куәгердің сөзінше, жас футболшы Александр Шишмаревтың өліміне бассүйек ми жарақаты себеп болған жоқ.

«Бәріміз үшін қайғылы жағдай. Шишмарев допқа шыққан сәтте «Балтика» ойыншысымен соқтығысып, нәтижесінде сәтсіз құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша тілі тартылып, тұншығып қалған.

Бұл бассүйек ми жарақаты емес. Алаңға жедел жәрдем 15-25 минут ішінде келді», — деді ол «Спорт-Экспресске».

Гвардис қаза тапқан футболшының туыстарына көңіл айтты.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия