jasqazaq.kz

Тілеуберді: Украинада 200-ге жуық Қазақстан азаматы қалды

20 қазан 2022, 11:44

Елшіліктің мәліметінше, Украина аумағында 200-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Осындай жағдайда ақпарат жинау өте қиын. 600-800 азамат тіркелген кезде басқаша. Ал қазір соғыс қимылдары жүріп жатқанда және көптеген азаматтар Украинадан өз бетімен кетіп бара жатқанда, бұл өте қиын. Елшілік мәліметінше, Украина аумағында 200 Қазақстан азаматы болуы мүмкін», — деді Тілеуберді Сенат отырысында.

Ол біздің азаматтардың негізгі бөлігі Украинадан шығып кеткенін түсіндірді. Польша және Молдовамен шекаралар эвакуация үшін ашық.

«Біздің елшілік шекарадан өткен кезде көмек көрсетеді. Елшілік толық эвакуациялай алмайды. Біріншіден, Украинадағы қазіргі жағдайда біз дипломатиялық қызметкерлеріміздің өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре алмаймыз. Дипломаттардың көпшілігі қазір Варшаваға (Польша. — Ескерту) қайта орналастырылды. Олар өз қызметін сол жерден жүргізеді», — деді Тілеуберді.

Ол Киевте Қазақстанның консулы қалғанын, ол қазір Украинада жүрген азаматтарымызды күнделікті қабылдайтынын түсіндірді.

«Ол жерде көптеген адамдар көмек сұрап барады. Толық эвакуациялау немесе елшілікті уақытша жабу туралы айтуға негіз жоқ», — деді министр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр