jasqazaq.kz

​«Тілдарын» республикалық олимпиадасы өтеді

02 қараша 2017, 12:48

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізеді.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған байқау ағымдағы жылдың 10 қарашасында Ақмола облысы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтеді.

Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы қалалық және облыстық іріктеу кезеңдердің жеңімпаздары қатысады. Үміткерлер үш тілде берілген тапсырмалардың мазмұнын ашумен қатар тіл мәдениеті мен сауатты аударма жасай білу деңгейлерін көрсетеді. Сайыскерлердің білім деңгейін арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8(7172) 40-83-93, 8 708 923 41 64

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық