jasqazaq.kz

Тіл мерекесіне көрме ашылды

08 қыркүйек 2021, 11:14

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тілдер апталығы аясында «Тіл – ұлттың жаны, әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесі ашылды. Шараны Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, Әл-Фараби кітапханасы ұйымдастырды.

Мұндағы мақсат – қазақ тілі мен жазуы, Қазақстан халқының тілдері тарихына қатысты лингвист ғалымдардың іргелі жұмыстарын көпшілікке таныстыру, мемлекеттік тілді білу және елімізді мекендейтін әр халықтың тілін құрметтеу, әлемдік тілдерді үйренуді насихаттау.

Сегіз бөлімнен тұратын көрмеге жалпы кітапхана қорындағы қазақ тіл білімі мен тіл мәселелеріне, түркі және әлемдік тілдер тарихын зерттеуге, тілдерді үйрену мен оқытуға арналған оқу, ғылыми әдебиеттер қойылған.

Мәселен, «Көне түркі тілі мен жазба ескерткіштері» бөлімінде көне түркі жазба ескерткіштеріне арналған еңбектермен қатар, қазақ графикасының, әліппесінің тарихы жайлы кітаптар таныстырылады. Ерекше назар аударатын, сирек кездесетін кітаптардың бірі – Ахмет Байтұрсыновтың 1922, 1926 жылдары жарық көрген «Әліппесі». 116 беттен тұратын еңбекте 128 сурет қолданылған.

«Түркі тілдеріне арналған зерттеулер» бөлімі қазіргі түркі халықтарының, оның ішінде қазақ тілінің түп негізін саралаған еңбектерді қамтиды. Көрменің бұл бөлімінде XIX-XX ғасырлардағы Н.Баскаков, А.Аманжолов, Ғ.Айдаров және т.б. ғалымдардың жазбасымен танысуға болады.
Ал «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» бөліміне Қазақстан Республикасының тіл саясатына, Қазақстанды мекендейтін ұлт-ұлыстардың тілдеріне арналған кітаптар орналастырылса, «Қазақ тіл білімінің мәселелері» бөлімінің басым бөлігін І.Кеңесбаев, С.Исаев, Р.Сыздықова, Ы.Маманов сынды отандық көрнекті ғалымдардың зерттеу кітаптары құрайды. Көпшілік қауым өзге де «Тіл қазынасы – ескі сөз», «Тіл – әлем жылнамасын сақтаушы құрал», «Әлем тілдері», «Тіл мәдениеті» бөлімдерінде сирек әрі құнды кітаптармен танысып, мол мағлұмат табары сөзсіз. Кітап көрмесі апта соңына дейін жалғасады.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты