jasqazaq.kz

Тікұшақ апатынан қаза болған майордың артында 7 баласы қалды

29 наурыз 2019, 12:36

Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан майор Сабыр Тоқбаевтың артында әйелі мен жеті баласы қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Қаза тапқан әскери қызметкердің бауыры Нұрлан Асылбаевтың айтуынша, ол Шымкентте дүниеге келіп, сонда тұрған. Әскери авиацияда қызмет еткен. Майордың артында әйелі мен жеті баласы қалды, кенже баласы — 3 жаста. Ақтауға іссапармен барған. «Бокстан спорт шебері. Мейірімді болатын, барлығына көмектесетін, әскерден келген жастарды жұмысқа орналастыратын. Бірге өскен едік. Сабыр зейнетке шығайын деп жатқан болатын. Артында жеті баласы қалды, тұңғышы — 9-сыныпта, кенжесі — үш жаста. Төрт ұлы мен үш қызы бар», — дейді бауыры.

«Күнде таңертең жаңалықтарды оқимын. МИ-8 тікұшағының құлағанын естідім. Содан онда қаза тапқандардың аты-жөндерін қарай бастадым, онда Сабырдың есімі көрсетілмеді. Бірақ бір сағаттан соң маған онымен бірге қызмет еткендердің бірі хабарласып, жағдайды айтты. Қаза тапты дегенге сенбедік. Аты-жөні болған жоқ, тізімде көрсетілмеген. Аман қалған шығар деп үміттендік. Көлікпен немесе автобуспен барған шығар деп ойладық. Қазір жарының жағдайы нашар, әр жарты сағат сайын жедел жәрдемді шақыртып жатыр. Былтыр әкесі қайтыс болған еді, ал үш жыл бұрын анасынан айырылған болатын», — дейді Асылбаев. Ол Сабыр Тоқбаевтың Шымкентте жерленетінін айтты. Бірақ, айтуынша, нақты күні әлі белгіленбеді, себебі бірнеше сараптама жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Ми-8 тікұшағы 27 наурызда апатқа ұшыраған болатын. «2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және «Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған», — делінген еді хабарламада.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда