jasqazaq.kz

TikTok-ты жасырынған шпион-сервис деп атады

29 маусым 2020, 12:19

Reddit порталында Bangorlol деген никпен тіркеліп, өзін бағдарламашы деп атайтын қолданушы TikTok кодын зерттегенін айтып, оның нәтижесін жариялады.

Ол әлеуметтік желінің жасырынған шпион-сервис екенін айтады, себебі желі өзіне қажет емес мәліметтерді жинайды екен.

Bangorlol-дің айтуынша, TikTok құрылғы туралы (процессор түрі, экран өлшемі, жад мөлшері және т.б.), жүктелген басқа қосымшалар туралы (тіпті TikTok орнатқаннан кейін өшірілген қосымшалар да), желі туралы (IP мекен-жайы, Wi-Fi атауы) мәліметтер жинайды. Кейбір жағдайда қосымша әр 30 секунд сайын қолданушының сол сәттегі мекен-жайы туралы да ақпарат алады екен.

Автордың сөзінше, TikTok ұзақ уақыт бойы мәліметтерді, оның ішінде қолданушының жеке мәліметтерін алу үшін HTTPS қорғаныс хаттамасын қолданбаған. Бұл сол жеке мәліметтерді кез келген адам көре алатынын білдіреді. Сонымен қатар ақпарат жинау бойынша командалар қашықтан жүзеге асуы мүмкін.

Оның мәлімдеуінше, Instagram, Facebook пен Twitter TikTok секілді көп мәлімет жинамайды екен.

 Tengrinews.kz 

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі