jasqazaq.kz

TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан шығарылған мұғалім қызметіне оралды

21 сәуiр 2021, 13:56

БҚО-да TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан шығарылған мұғалім қызметіне оралды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының білім бөліміндегілер айтты.

«Сандуғаш Бисенғалиевадан жұмыстан заңсыз шығару туралы шағым түсті. Біз оны қарастырдық. Педагогті өз лауазымына қайта алу туралы шешім қабылданды», — деді аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайынова.

Сандуғаштың өзі бір топ мұғалім қаржы полициясына заңбұзушылық туралы шағым түсіргеннен кейін жанжал туындағанын айтты.

«Музыка мектебінің директоры Айдана Давлетова мені қандай себеппен жұмыстан босататынын таппай, TikTok-тағы видеоларға ілікті. Бірақ оның өзі менің рұқсатымсыз басқа адамдарға видеоларымды жіберу арқылы этикалық нормаларды бұзды. TikTok білім беру платформаларының тізіміне кірмейді. Бірақ оған тыйым салынбаған», — деді Сандуғаш Бисенғалиева.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия