jasqazaq.kz

TikTok-та танымал шопан бала ұсталды (видео)

10 қантар 2021, 13:08

Танымал TikTok қолданушысы, шопан Әбдіқадыр Наурызбек Талдықорғанда ұсталды. Ол жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастырған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Оқиға 9 қаңтарда Талдықорғандағы кафелердің бірінде болды, онда бір топ жасөспірім мен шопан бала жиналған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 15 жастағы танымал ТiкТок қолданушысы мекемеде жанкүйерлерімен және жазылушыларымен кездесу өткізген. Барлығы 200-ге жуық адам жиналған.

«Блогерге қатысты материалдар жиналып, шаралар қабылдау үшін Жамбыл облысы полиция департаментінің ювеналды полиция қызметкерлеріне беріледі. Мекеме иелеріне қатысты да ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, Әбдіқадыр Наурызбек ұсталғаннан кейін ТiкТок-та видео жариялап үлгерді. Бұл БАҚ-қа сұхбат беріп жатқан кезінен қысқа бейнеролик.

«Мені алып кетпес бұрын сұхбат бергенмін», — деп жазған ол.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАН 24/7 (@kris_p_tdk)

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия