jasqazaq.kz

Тікелей эфир кезінде есінен танып қалды (видео)

23 тамыз 2018, 10:49

 

Оқыс оқиға болған кезде Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров журналистің сұрақтарына жауап беріп жатқан.

КТК жазғандай, журналист есінен танып қалған сәт видеоға түсіп қалды – бұл уақытта тікелей эфир қосулы тұрған, қыздың сұрағына Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров жауап берген. Оқиға «Россия-24» телеарнасының тікелей эфирінде болды. Журналист Дарья Козлова Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен сұқбаттасып тұрған. Ведомство басшысы сұраққа жауап берген соң оператор камераны қызға қарай бұрады. Осы сәтте ол есін жоғалтып жатқаны белгілі болды, қыз әңгімесін жалғастыруға тырысқанымен одан түк шықпады. Құлап бара жатқан журналисті қасында тұрған әріптестері ұстап қалды, оған Денис Мантуров та көмектесті. Осыдан кейін тікелей трансляция үзіліп, эфирге студиядағы жүргізуші шығады. Кейінірек қыздың жағдайы жақсарғаны белгілі болды. Оқиға «Армия-2018» халықаралық әскери-техникалық форумында жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар таныстырылып жатқан кезде болды.

https://www.facebook.com/beineclub/videos/2088726431172834/

 

 

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді