jasqazaq.kz

Тик-токқа билеген әкім тәртіптік жазаға тартылды (видео)

16 маусым 2020, 12:03

Ауыл әкімі қол астындағы қызметкерлерімен билегені үшін жазаланды.

Тик-Токқа әкімнің ұжымымен жасаған флеш-мобының видеосы жарияланып, ол өзге әлеуметтік желілерге тараған. Видео Мәдениет қызметкерлері күніне орай түсірілгені белгілі болды. Онда Жәйрем ауылының әкімі Аманқазы Наукенов бидің түбін түсіреді.

2020 жылы 21 мамырда Жәйрем ауылының мәдени-демалыс орталығының ғимаратында ауыл әкімі Наукенов Аманқазы Баранбайұлы, «Жәйремский гок» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Кәрібаев Мүбәрак Рахманқұлұлы, ауылдың мәдени-демалыс орталығының директоры Иманбекова Ақмарал Елібайқызы, сонымен қатар осы ұйымның бірнеше қызметкерлері Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнін мерекелеу аясында флеш-моб өткізді. Бұл іс-шара бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған кезде өткізілгендіктен ауыл әкіміне қатысты тәртіптік шара қолданылды, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Қаражал қаласының әкімдігі.
26 мамырдағы қызметтік тергеу нәтижелері бойынша, Тәртіптік комиссияның ұсынысымен Қаражал қаласы әкімінің өкімімен, Жәйрем ауылы әкімі Наукеноваға өз лауазымына сай емес әрекеті үшін ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Қазіргі уақытта қалалық полиция бөлімі және Қаражал қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің аясында аталған адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдауда.

 

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия