
Британдық The Economist журналы Өзбекстанды жыл елі деп атады. Басылым Өзбекстанның әлі ұзаққа баратынын, бірақ 2019 жылы бір де бір ел дәл осылай алысқа бармағанын атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Әрбір желтоқсан айында журнал жыл бойы ілгерілеген мемлекетке «Жыл елі» атағын береді. Өткен жылдың жеңімпазы Армения болған. Мақалада небәрі үш жыл бұрын Өбекстанның жабық қоғамды, посткеңестік ескі ел болғаны айтылады. Шавкат Мирзиёевтің келуімен іс алға басты. 2018 жылы қауіпсіздік қызметінің басшысы отставкаға жіберілді. Премьер-министр Мирзиёев реформаларды бастады, соның арқасында негізінен мәжбүрлі жұмыс тоқтатылды. Шетелдік журналистердің елге кіруіне рұқсат етілді, ал шенеуніктерге шағын бизнеске тиісуге тыйым салынды. Басылым Өзбекстанның жаңа жылға дейін парламент сайлауын өткізуі тиістігін еске салады. Сондай-ақ, The Economist Солтүстік Македония мен Суданның жетістіктерін де атап өткен. Аталған елдердің алғашқысы ақпан айында өзінің атауын өзгертті, осылайша өзінің жақын көршісі Грекиямен қарым-қатынасты жақсартты. Сонымен қатар, Солтүстік Македония НАТО-ға кіру процесіне дайындық үстінде. Судан өз кезегінде Омар әл-Башир режимінен құтылды.