jasqazaq.kz

Тест тапсырмаған алматылық әйел үйінде босануға мәжбүр болған

09 шiлде 2020, 22:13

Тесттің кесірінен үйде босанып қалды. Айы-күні жеткен алматылық келіншекті коронавирусқа тест тапсырмағаны үшін перзентхана қабылдамай қойған. Сөйтіп жүкті әйел түн жарымында өз ауласында сәбиін өмірге әкелді. Көмекке жедел жәрдем қызметкерлері келіп, бала мен ана дін аман. Үйде босанған әйел сол сәтте қандай күйде болғаны туралы былай дейді:

Марина Пушко, Алматы қаласының тұрғыны:

— Тест қорытындысы болмаса, қабылдамайтынын айтты. Мен сынама тапсыруға қаражатым жоғын түсіндірдім. «Ақшасыз қалай бала туайын деп жатырсың?» деп айтты. Жылы жауып қоя салсам, мұндай жағдайға басқа келіншектердің тап болуы мүмкін. Егер қан кетіп немесе балам бір жамандыққа ұшыраса, не болар еді? Мұны ойлаудың өзі қорқынышты…

Толғағы қысқан келіншекті перзентханадағылар да коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест қорытындысы болмаған соң, екі рет кері қайтарыпты. Ал мекенжайы бойынша тіркелген емханасы жүктілерге арналған тегін тесттің таусылғанын айтқан. Сөйтіп Марина түн жарымында жедел жәрдемнің көмегімен ауласында босанды. 28 жастағы келіншек ұл баланы дүниеге әкелген. Бұл оның үшінші перзенті. Ал келіншек тіркелген №19 емхана қызметкерлері сол сәтте қаладағы барлық сынама орталықтарының жұмысы бірнеше күнге тоқтаған болатын деп отыр. Перзентханадағылар бас санитардың қаулысына бағынуға тиіспіз дейді.

Алуа Мырзаханова, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының баспасөз хатшысы:

— ҚР-ның Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 25-маусым 2020 жылғы №43 қаулысына сәйкес, жоспарлы және шұғыл түрде стационарға жатқызу кезінде пациенттер, сондай-ақ жүкті әйелдер мен жаңа туған сәбилер профилактикалық мақсатта ПТР-тестінен өтуі тиіс. Біздің орталыққа жатқызылмас бұрын пациентке өзінің тіркелген емханасында бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ковид-19 сынамасы бойынша зерттеуден тегін өтуге кеңес берілген.

Дереккөзі: КТК телеарнасы

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия