jasqazaq.kz

Тергеуші мен кеденшінің үйінен миллиондаған теңге құрықталды

08 тамыз 2018, 17:44

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қытайлық тауарларды өткізгені үшін пара алғандарды ұстады.
ҚазАқпарат жазғандай, агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері парамен ұсталған. Олар екі жыл бойы заңсыз сыйақы алып келген. Бір кәсіпкер 2016-2018 жылдар аралығында Қытайдан тауар тасыған. Соның бәрін кедергісіз әкелгені үшін экономикалық қылмыстарды тергеу қызметінің аса маңызды істер бойынша аға офицеріне және Майқапшағай кеден бекетінің бас маманына жалпы сомасы 40 мың АҚШ доллары көлеміндегі параны жүйелі түрде беріп отырды. «Күдіктілердің кеңселері, тұрғылықты жерлері мен көліктерін тінту кезінде 13 млн теңгеден астам шетел валютасы анықталды. Қазіргі кезде үш адам қамауға алынды. Тергеу шаралары жүріп жатыр», — деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді