jasqazaq.kz

Тергеуші: Мәнізоров ісіне соңғы нүкте қойылған жоқ

21 қараша 2019, 17:15

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты іске соңғы нүкте қойылған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров айтты.

«Өздеріңіз де білетіндей, 26 қазанда Мәнізоровқа қатысты қылмысты іс Бас прокуратура тарапынан тоқтатылған болатын. Бас прокуратураның бұл шешіміне орай біз Бас прокурордың орынбасарына шағым түсірген едік. Алайда, Бас прокуратура бұл шағымды қанағаттандырудан бас тартты. Жауабын жақында ғана алдық. Бұл істі тыңғылықты алып қарайтын болсақ, Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс еліміздің екі азаматының арызы бойынша қозғалды. Онда Мәнізоровтың жемқорлық қылмыс жасағаны нақты көрсетілген», — деді ол. Оның атап өтуінше, Бас прокуратура Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арыз жазған екі азаматты жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілікке тарту қажет. «Қазіргі уақытта біз Бас прокуратураның дәлелдерін зерделеп жатырмыз. Аталған дәлелдерді тыңғылықты қарап болғаннан кейін наразылық таныту мәселесі қаралады. Яғни, Бас прокурордың атына шағым түсіреміз», — деді Д.Бегайдаров. Аға тергеушінің сөзіне қарағанда, Бас прокурор да агенттік шағымын қанағаттандырмаған жағдайда Мәнізоровтың үстінен арыз жазған екі азаматты жауапкершілікке тарту мәселесі қолға алынбақ.

Ақпатарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда