jasqazaq.kz

Тергеу изоляторында «Қазавтожолдың» экс-басшысы асылып қалды

30 наурыз 2018, 21:54

Астанада тергеу изоляторында дарға асылып қалған Әділ Нығметовтың қазасының себебі анықталып жатыр. «Қазавтожол» мекемесінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры ірі көлемде пара берді деп 3 жылға сотталған болатын. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Нығметов Астанадағы тергеу изоляторында асылып қалған. Суйицидке баруының себебі әлі белгісіз. Естеріңізге салсақ, «Қазавтожолдың» басшылары мен аймақ филиалдары басшыларынан құралған 20 өкілі ірі көлемде пара беру дерегімен ұсталған еді. Солардың арасында Әділ Нығметов те бар. Олар бюджет қаржысын игерудегі құйтұрқылықтарын жабу үшін Есеп комитетінің 2 қызметкеріне 16 миллион теңге пара бермекші болған. Ақырында Нығметов 3 жылға қамалды. Алайда, өзін кінәсіздігін дәлелдемек болған ол апелляциялық шағым түсіргенімен, үкім өзгеріссіз қалған. Сөйтіп, ол тергеу изоляторына жабылып, соңғы кассациялық сотты күтіп жатқан болатын. Ағылай Тұрланова, Қылмыстық-атқару жүйесі комитені баспасөз қызметкері: -Өз өзіне қол жұмсау фактісін растаймыз. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. сотталған тергеу изоляторында шаруашылық жұмыстарын атқарып жүрген. Өлім алдындағы хатты қалдырған жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде