jasqazaq.kz

Терезе жабдықтау талаптарына өзгеріс енгізеді

01 маусым 2020, 12:23

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті терезені жабдықтау талаптарына өзгеріс енгізеді. Бұл туралы бүгінгі онлайн брифингте елордалық департаменттің басқарма басшысы Орал Әбдірахманов мәлім етті.

«Негізгі мақсат – балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу. Ол үшін мемлекеттік стандартқа терезенің ашылатын жерлеріне торлар мен қауіпсіздік құлыптары сияқты арнайы құралдарды орнату талабын енгіздік», — дейді Әбдірахманов.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде қауіпсіздік құлыптарын мемлекеттің қаражатына орнату жоспарланған. Бүгінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданды.

«Өкінішке қарай, жыл басынан бері 21 бала терезеден құлап кетті. Жаңа талаптың арқасында осындай оқиғалар азайып, бала өлімі төмендейді деген сенім бар. Көпқабатты үйлерде терезеге арнайы қауіпсіздік жабдықтарын ата-аналардың өздері орнатады. Себебі олар балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты», — деп атап көрсетті Әбдірахманов.

Оның айтуынша, қауіпсіздік құлыбы және тордың бар-жоғын ешкім тексермейді. Бірақ халық арасында түсіндіру шаралары кеңінен жүргізіледі.

Sputnik

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия