jasqazaq.kz

Терең құдыққа түсіп кеткен бала бір күннен кейін құтқарылды

14 маусым 2022, 9:57

Өзбекстанда егіс алқабында қазылған құрғақ артезиан құдығына құлаған 6 жасар бала бір тәуліктен кейін құтқарылдыі. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Оқиға Қашқадария облысы, Шырақшы ауданы, Лангар ауылында болған. 12 маусым күні түс ауа баланың әкесі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен тиісті қызметтер жеткен.

Диаметрі 200 миллиметрлік құдықтан баланы шығару үшін экскаваторлар, грейдерлер және басқа да техникалар қажет болды.

Бала 13 маусым күні сағат 10.25-те шығарылған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жағдайы жақсы деп бағаланды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр