jasqazaq.kz

Тербеліп тұрған көпірдің видеосы пайда болды

11 мамыр 2020, 14:11

Қытайлық Гуандун провинциясындағы Хумэнь теңіз көпірінің тербеліп тұрған сәті видеоға түсірілген. Мұндай ауытқуларға апат жағдайына арналған пластикалық қоршаулар да себеп болуы мүмкін. Қалай болса да, қазір бұл көпірде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Көпірдің тербеліп тұрғанына 5 мамырда назар аударған. Жергілікті билік бірден тексеру жұмыстарына кірісіп кетті. Тексеруге халықаралық Көпірлер мен құрылыс құрылымдары қауымдастығының президенті Гэ Яоцзюнь де қатысады. Оның айтуынша, көпірде биіктігі 1,2 метр апатты пластикалық кедергілердің болуына байланысты конструкция тербелген. Құрылысшылар оларды конструкцияны жөндеу кезінде орнатқан.

Сарапшылардың пікірінше, қоршаулар көпірдің аэродинамикасын өзгертіп, соның салдарынан тербеліс басталған. Желдің екпіні белгілі бір жылдамдыққа жеткен кезде құрылыс тербеле бастайды.

Сол күні-ақ тосқауылдарды алып тастады. Дегенмен, көпір әлі де тербеліп тұр. Басқарушы компанияның айтуынша, ол инерция бойынша ауытқып, біраз уақыт өткеннен кейін қалпына келеді.

Жол көпірі Гуанчжоу мен Дунгуанды байланыстырады. ТЖ режимінің салдарынан автоәуесқойлар оларды уақытша пайдалана алмайды.

365info.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия