
Оралда теракт жасамақшы болғандарды ұстады Радикалдар Қазақстан аумағында теракт ұйымдастырмақ болған, олардың қарулары тәркіленді.
КТК хабарлағандай, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орал қаласында діни экстремистер тобының сегіз мүшесін ұстады. Діни экстремистер ұяшығына қарсы арнайы операция дүйсенбі 25 маусымда жүргізілген. Топ мүшелерін ұстау кезінде оқ ататын қару, оқ-дәрі және діни әдебиет табылыпты. «Ұсталған адамдар Қазақстан аумағында бірқатар террористік актілер жасауға дайындалған, терроризмді насихаттаған, сондай-ақ мүліктік қылмыстар жасаған деп күдіктелуде. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», — делінген ҰҚК хабарламасында.