
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Теңіздегі тәртіпсіздіктерден кейін тұтқындалғандар туралы айтты.
Министрдің сөзінше, тәртіпсіздіктерден кейін бірнеше қылмыстық іс қозғалған.
«Жарақаттау және бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Әр қылмыс құрамында сыбайластар бар. Қазір бізде негізгі күдікті бар. Тұтқындалды. Тағы бірнеше күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», — дейді Тұрғымбаев.
ІІМ басшысының сөзінше, айыпталушылардың қылмысының бағалануы аталған қылмысқа қатысына байланысты әртүрлі болады.
Тәртіптісіздіктер кезінде 45 адам зардап шекті. Олардың ішінде 4 қазақстандық бар.