jasqazaq.kz

Теңізде алапат өрт шықты (Видео)

01 наурыз 2022, 23:18

Теңіз вахталық кентінде өрт болды. Атырау облысының ТЖД ақпаратты растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«1 наурызда сағат 16.40-та Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентіндегі ашық кәсіпорын аймағында өндірістік шлам өртеніп жатыр. Өрт сөндіру апаттық-құтқару қызметінің мәліметінше, болжам бойынша 200 шаршы метр өртеніп жатыр», — деді ТЖД өкілдері.

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

«Құлсары қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жіберілді. Құлсарыдан қашықтық — 90 километр. Қызметкерлер келген соң қосымша ақпарат нақтыланатын болады», — деді департамент өкілдері.

«Теңізшевройл» баспасөз қызметі де жағдайға түсінік берді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН | 06 ❤️ (@atyrau)

«2022 жылдың 1 наурызында «Теңізшевройл»ЖШС (ТШО) «Теңіз» өндірістік алаңынан тыс орналасқан Nasar Solution мердігерлік компаниясының өндірістік цехында өрт шыққан. ТШО-ның өрт сөндіру-апаттық қызметі дереу оқиға орнына шықты. Мердігер компанияның он бес қызметкері эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабардар. Осы оқиға бойынша сауалдарды Nasar Solutions немесе тиісті мемлекеттік органдарға жіберу керек», — деді ТШО өкілдері.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық