jasqazaq.kz

Теңіз кенішінен 3 мыңға жуық адам шығарылды

22 сәуiр 2020, 18:14

Атырау облысындағы Теңіз кенішінен 3 мыңға жуық адам шығарылды. Бұл туралы өңірлік жедел штабтан мәлім етті.

«Теңізшевройлдың» және өзге де мердігер компаниялардың​ ​ жұмысшыларын Теңіз кенішінен уақытша шығару жалғасуда. Кен орнынан 17 мың адам шығарылады. Оның ішінде Атырау облысының ​ 7191 тұрғыны бар», деп хабарлады төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтан.​Штабтың мәліметіне сүйенсек, 16 сәуірден бері Теңіз кенішін 2868 жұмысшы тастап шыққан.

Олардың 1619-ы – Атырау облысының тұрғыны. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысына​ –​ 283, Түркістан облысына –​ 241, Қызылорда облысына​ –​ 166, ​ Жамбыл​ облысына​ ​ – 103, ​ Ақтөбе облысына​ ​ 455 адам жеткізілген.

«Теңіз кеніші аумағынан шығарылар алдында барлық жұмысшы ​ COVID-19 инфекциясына міндетті тестті тапсырды. «Теңізшевройл» компаниясы жұмысшылардың тұрғылықты мекен-жайына жеткенге дейінгі барлық жол шығынын өз есебінен төлейді. Жұмысшыларды шығаруға автобус, әуе және темір жол көліктері қолданылуда», -деді өңірлік жедел штабтан.

Ал, ТШО компаниясы басшыларының айтуынша, Теңіз кенішінен тікелей өндіріске қатысы жоқ персоналдар шығарылуда.​ Компанияның өндірістік қызметі өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр.​

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі