jasqazaq.kz

Теңіз кенішіндегі мұнай желісінде ақау болды

02 шiлде 2021, 13:48

Атырау облысында орналасқан Теңіз кенішіндегі мұнай желісінде ақау болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Экология департаментінен мәлім еткендей, кеше, 1 шілдеде сағат 17:40-та «Теңізшевройл» ЖШС игеріп жатқан Теңіз кен орнындағы мұнай желісінде ақау пайда болған.

«Екінші буын зауытының мұнай желісінде клапанның жабылу себебінен зауыт жұмысы мен шикі газды жер қойнауына айдау өндірісі тоқтатылды. Өндіріс пен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алауда отын газы жағылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты департамент мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізбек.

Ақаудың себептері мен өзге де мәліметтер содан кейін хабарланады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия